12.07.2022
150
Тағы тұрмын алдыңда, тағы келдім...
Тағы тұрмын алдыңда, тағы келдім,
Арасынан сені іздеп сары белдің.
Сен кеткенде мұңайып қалып едім,
Сары уайымнан сары алқа тағып едің.
Тағы келдім, сонда да тағы келдім!
Тағы келем, келемін, келем мүмкін,
Не десеңде жүрегім көнер, шіркін.
Жалығарсың, кім білер менен бір күн,
Жалығармын, кім білсін, сенен бір күн!