12.07.2022
  149


Автор: Жасұлан СЕРІК

Есін алған естінің ерке гүлім...

Есін алған естінің ерке гүлім,
Бақыт дейтін күйіңді шертеді кім?
Кірпігіңе байланған сері ғұмыр,
Ханшайымы шығарсың ертегінің.
Ханзадаң кім? Белгісіз бәрі маған,
Соны ойлап сенерсің жаным алаң.
Жіпсіз байлап тастайтын жүрегіңді,
Сезім деген құрғырдың заңы жаман.
Түгі де жоқ сезімге кенде болған,
Жетегіне елестің ерген арман.
Байқадың ба, қия алмай қоштасуға,
Жүрегімнің жартысы сенде қалған.
Сұлулықтың соқпағын жалғап келген,
Өзіңменен Тәңірім мол бақ берген.
Ханшайым қыз, күтеді әміріңді,
Сені көріп селт еткен сол жақ кеудем!





Пікір жазу