12.07.2022
142
Мұңайма қыз!
Мұңайма қыз!
Махаббатын сұрайық Құдайдан біз.
Алдап кету ажалды мүмкін емес,
Болғанымен бықсыған мың айламыз.
Қайғырма қыз!
Қайғысы жоқ қам көңіл айдында жүз.
Ай сұлу ең, жаныма ауыр, бірақ,
Болатыны өмірде айдың жалғыз.
Өкінбе қыз!
Біз өйткені өлімнің өтіндеміз.
Жадыратқан жанымды жаз кеткелі,
Өкінішпен өксітіп өтуде күз.
Жылама қыз!
Өкпелеме өмірге мына жауыз.
Құдай бізді қашанғы жылатады,
Қуанамыз, иншАлла, қуанамыз!