12.07.2022
159
...Керім де керім, керім қыз...
...Керім де керім, керім қыз,
Керім қыз, сенің теңіңбіз.
Жеңгелеріңе жақпаған,
Жеңілмей жүрген серіңбіз.
Көркем де көркем, көркем қыз,
Сөзіңе талай елітерміз.
Мүмкін екеуміз бір болып,
Сезімнің сырын шертерміз.
Жұпар да жұпар, жұпар қыз,
Жұпарыңды әлі-ақ жұтармыз.
Жаныңа жақын келгенде,
Сөз айтуға да жұтаңбыз.
Аппақ та аппақ, аппақ қыз,
Өзіңдей қайдан таппақпыз.
Жылуы кемшін жүрекке,
Жылы сөзіңмен от жаққыз.
Шәрбат та шәрбат, шәрбәт қыз,
Шәрбаттан тілге дәм жаққыз.
Есі егесіз ессіздің,
Басына бақыт орнатқыз!!!
Ия?