12.07.2022
  137


Автор: Жасұлан СЕРІК

Жалғасы Домалақ ананың...

Жалғасы Домалақ ананың,
Мен десе сезімі жалындар.
Қамқоры ұл-қызым, баламның,
Шын сүйген менің де бағым бар!
Дәл сендей жарым бар,
Мен неткен бақыттымын!!!
Анамның әдепті келіні,
Сәлемін салатын ізетпен.
Некелі ерінің сенімі,
Өз арын күзеткен!
Дәл сендей жарым бар,
Мен неткен бақыттымын!!!
Иманы шайтаннан қорғаған,
Орамал түспеген басынан.
Алланың ақ жолын таңдаған,
Жүзінде мейірім тасыған!
Дәл сендей жарым бар,
Мен неткен бақыттымын!!!





Пікір жазу