12.07.2022
  109


Автор: Жасұлан СЕРІК

Боташым

Боташым,
күнім менің, жырым менің,
Сен неге жүрегіме үңілмедің.
Сені ойлап жынды болды сана-сезім,
Сені ойлап кірпігімді түн ілмедім.
Боташым,
аппақ құсым, аппақ арым,
Сені ойлап сор табамын, бақ табамын.
Жүр кеттік, қолыңды бер, қорықпағын,
Мен сені ұжымаққа ап барамын.
Боташым,
аппақ қанат періштем ең,
Сені көріп биікке өрістеп ем.
Балды да, уыңды да ұсындың ғой,
Тартынбадым, сен үшін мен ішкен ем.
Боташым,
Ақ Баяным, Қыз Жібегім,
Сені ойлап жаз жүдедім, күз жүдедім.
Мен күйеуі болайын сіздің елдің,
Сен келіні болсаңшы біздің елдің!?





Пікір жазу