12.07.2022
  95


Автор: Жасұлан СЕРІК

Неге жылаймыз бар жақсылықты көрсек те?

Неге жылаймыз бар жақсылықты көрсек те?
Жылама, жаным, көзіңнің жасын көрсетпе.
Ал екеуміздің жүрегеміз бір соқсыншы,
Бір-бірімізден тым алыс, шалғай жүрсек те.
Бірге болайық жыласақ, мейлі, күлсек те.
Өкінбе, жаным, сен мені ойлап күрсінбе,
Біле де алмадым көңілсіз, бәлкім, жүрсің бе?
Өзіңді ойла, санаңнан ысыр басқаны,
Мені қайтесің, ал мен бір жүрген құр сүлде.
Сағынып мені қайғырма жаным, қайғырма,
Айналап соққай екеуміз жүзген айдынға.
Менімен қоштас, айдынмен қоштас өксітіп,
Содан соң мәңгі бұл жаққа енді қайырылма!





Пікір жазу