Өкпем бар
Жүрегім – жара, көңілім – қайғы, күйіктен ішім өртенед,
Сұлық жатсаң да замана сені сүйрейді алға желкелеп.
Сүйетін едім ақ жүрегімді, ақ сезімімді ұсынып,
Тумаппын, әпке, өзіңнен, бірақ, әттең-ай, әттең, ертерек.
Балалықпенен ағат сөйлесем миығыңыздан күлмегін,
Қызғалдағымыз барлығымыз да «ӨМІР» –
атты бір жүлгенің.
Оқталғанымменен «Сүйем!», –
деп сізге барлық сырымды ақтарып,
Жасқанып қалам, жүрексінемін, неге екенін білмедім.
Алысқа шапса арқаланамын «ШАБЫТ» –
дейтін бір арғымақ,
Шерменде жандар шерін ақтарып өлеңге
наз бен зар қылад.
Бақытты жандар болатын едік бақ құсы қонған басына,
Сіз менен ерте біршама көйлек тоздырғансыз-ау ал, бірақ.
Бұл жалғанда да күн нұрын шашар,
күлімдетер сені көктем бар,
Күзбенен қалсын армандап сізді жылаумен
өксіп шерткен зар.
Он сегізге де, жиырма беске де кінә тақпаймын, білсеңіз
Сарылтып шіркін, сағынтып қойған тағдырыма
ғана өкпем бар.