12.07.2022
122
Қойшы, күнім, қойшы бәрін, ойланба...
Қойшы, күнім, қойшы бәрін, ойланба,
Біз негізі келе алмадық байламға.
Білесің бе, бұл махаббат құрғырың,
Екеумізбен жасырынбақ ойнауда.
Мен бе, сен бе біле алмадым сормаңдай?
Жылжымадық алдымызда жар бардай.
Екеумізді табыстырар құдірет,
Жүрегіңе жасырынып қалғандай.
...Әттең, әттең, өле алмаймыз біз бірге,
Білмей тұрмын бәрін бірден үздің бе.
Тым болмаса есіңе ап жүр сен мені,
«Жігіт қой!» – деп, «Мені сүйген қыз күнде».
Мүмкін бірге армандарға жетерміз,
Қолұстасып бұл өмірден өтерміз.
Кім біледі?
Біз кездесіп жұмақта,
Басқаларға үлгі болар ендігі,
Жұп болармыз екеуміз...