12.07.2022
159
Аппақ қар
Қара қайғы секілденді-ау батпақтар,
Қайғы салған жүрегімде көп дақ бар.
Сол дақтарды жуып қане жіберші,
Бүгін жауған ұлпа, мамық аппақ қар.
Жетем деген тіпті үмітім жоқ менде,
Аппақ арлы, аппақ мінез, ақ кеуде.
Дәл өзіңдей аппақ, шіркін, боп еді,
Сүйген жаным көз жүгіртсем өткенге.
Ол қазір жоқ, мәңгі кеткен тым алыс,
Он төрт-ақ күн сыйлап маған қуаныш.
Жоқ болса да жүректегі суреті,
Жылап қалған жан дүниеме жұбаныш.
Сергелдең қылды сан сұрағы сынақтың,
Періштемдей бола алады бірақ кім,
Тек аппақ қар сейілтуші ед қайғымды,
Әттең, оның ғұмыры да бір-ақ күн...