12.07.2022
131
Қош мәңгі!
Мен саған ғашық болмағам,
Сен мені неге ұнаттың?
Жүрегіңдегі арман ән,
Оттығы-ау сезім – шырақтың.
Ол шырақ әттең жанбады,
Жасыңмен өзің өшірдің.
Қиялдың тәтті арманы,
Санамнан сені өшірдім.
Ешқашан мені ойлама,
Бағымын қазір бөтеннің.
Аман жүр енді қайда да,
Шұғыласы түнек бөтен күн.
Аймалап айтар сөзіңнің,
Қажеті енді шамалы.
Құрбаны болдым сезімнің,
Сезбейсің, бірақ, сен әлі.
Өзіме әттең жетпей-ақ,
Пердесін үзді-ау періштең.
Сен үшін қызық көптей-ақ,
Алайда уын мен ішкем.
Кешіре алмаймын мен сені,
Жараладың-ау жас жанды.
Арымдай болған еңселі,
Періштем, енді қош мәңгі!