12.07.2022
107
Бір жанмын
Салғаны тағдырдың,
Куәсі бар күннің.
Мәңгілік мұңайма,
Жан құрбым.
Құс болып ұшайын,
Неге сыр тұсайын.
Жаныма жақында,
Құшайын.
Күтем деп сарылдым,
Аңсаған бағың кім?
Ерініңнен сүйейін,
Сағындым.
Жанымның бәрі мұң
Алдамшы сағымым.
Жанымды жарық қыл,
Жарығым.
Жолында жалғанның,
Өзіңе қорғанмын.
Қорықпа, аппағым,
Мен бармын.
Өмірлік сыңарым,
Бұралған шынарым.
Сырыңды көзіңнен,
Ұғамын.
Сезімім білінсін,
Жайқалған гүлімсің.
Жүректен туатын,
Жырымсың.
Кімге үміт артамын,
Өзіңмен әр таңым.
Жоғалтып алам деп,
Қорқамын.
Өзіңді жырлармын,
Сөзімді тыңдар кім.
Дәл сені шын сүйген,
Бір жанмын.