12.07.2022
119
Жолықтың неге маған?
Қарағым-ай, жолықтың неге маған?
Қалмады-ау жан-жағымда сенер адам.
Жо-жоқ, енді кезікпе, көрме мені,
Өлейін тұрған кезде өрем аман.
Жарығым-ай, жалт еттің, бір қарадың,
Жаныма жанарыңнан гүл қададың.
Сөз айтсам күлуші едің жай жымиып,
Сыңғырлап құлағыңда сырғаларың.
Аппақ гүлім, ай нұрым, көгершінім,
Мен бір жүрген ақымақ өлеңшімін.
Гүлге қонған бәйек боп бал арадай,
Жиғым келер жаныма сенен шырын.