12.07.2022
147
Сағым боп қолыңды бұлғатсаң, көкем...
Сағым боп қолыңды бұлғатсаң, көкем,
Жүректе жанған сезім туласын.
Орамалың боп құрғатсам екен,
Моншақ боп тамған көзіңнің жасын.
Соңыңнан сенің қарайлап қалсам,
Бағыңа орал аңсаған құсым.
Ауылыңа сенің Абай боп барсам,
Тоғжан боп мені қарсы алармысың?!