12.07.2022
  159


Автор: Жасұлан СЕРІК

Сүйген жігіттің айтатын саған назы бар...

Сүйген жігіттің айтатын саған назы бар,
Бұл жүрегімде сезімнің аппақ сазы бар.
Сағыныш дерті қу жанды жеді жегідей,
Өзің кеп енді жазып ал.
Алыста жүріп жүрек үнімді сезбессің,
Өзің деп соққан жүрегім қалай өзгерсін.
Ақ көгершінім ақ арман болған қол жетпес,
Қолымнан қашан жем жерсің.
Сен мені ойлап сенделіп, жаным, жүрмісің,
Жырымның саған ұсынам, еркем, нұрлысын.
Үш күннен кейін көктем келеді, сен маған,
Оралармысың жыл құсым?





Пікір жазу