12.07.2022
110
Сені ойласам...
Сені ойласам сейілгендей бар мұңым,
Ал мен байғұс құр сүлдері жарлымын.
Қиялымды қорлап, таптап құр елес,
Арманымды мың ораған тағдырым.
Сені ойласам оянғандай жыр – үміт,
Жүрек жырға кеткендей-ау құнығып.
Арман, арман қанат қағар сол сәтте,
Жатқан қиял арасына тығылып.
Сені ойласам кетемін-ау бек еріп,
Көрсете алсам жарар еді өрелік.
Өзіңменен бірге болған күндерім.
Болады екен, айтшы маған, неге ұмыт?!