12.07.2022
  120


Автор: Жасұлан СЕРІК

Сен мені...

Сен мені ұға алмадың,
Есімнен шығармадым.
Өзіңе қолым жетпес,
Ісін-ай бір Алланың.
Сен мені сүйе алмадың,
Күлкіңмен жиі алдадың.
«Басқамен кетем!», – дейсің,
Сені оған қия алмадым.
Сен мені құша алмадың,
Көркіңмен тұсауладың.
Қанаты талған құстай,
Сен жаққа ұша алмадым.
Сен мені жылаттың-ау,
Сүюге құмарттың-ау.
Сезімнің құз-жарынан,
Итеріп құлаттың-ау.
Сен мен алдағансың,
Өзіңе зар боғам шын.
Басқаға – жай адамсың,
Мен үшін – арман әнсің.





Пікір жазу