12.07.2022
  95


Автор: Жасұлан СЕРІК

Айналдым

Жанарыңнан айналдым, тамағыңнан,
Қабағыңнан айналдым, қадамыңнан.
Жүзің жылы болғанмен, ал мен үшін,
Жүректегі алынбас қамалың нән.
Кірпігіңнен айналдым, көздеріңнен,
Ерініңнен айналдым, сөздеріңнен.
Дым білмейтін кісідей жүре бердің,
Сені сүйер жан барын сезгеніңмен.
Шашыңнан да айналдым, шашбауыңнан,
Сөздеріңе елітіп мас та болғам.
Есім кетіп жүргенде еміреніп,
Қара басты қасқитып тасқа да ұрғам.
Жүзігіңнен айналдым, саусағыңнан,
Жаратылған нұр бейнең бал сағымнан.
Көзімді жұма алмаймын қорқа берем,
«Айырылып қалам ба?», – деп аңсарымнан.
Айналайын өзіңнен, айналайын..





Пікір жазу