meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.07.2022
  138


Автор: Жасұлан СЕРІК

Ұғынады харам істі ел неге...

Ұғынады харам істі ел неге,
Зымырады көкте ұшқан құстай күн.
Тығылады адам бір күн көрге де,
Жығылады, мәңгі емес күшті айбын.
Сұғынады харам тапқан теңгеге,
Құнығады дегендей жер құшпаймын.
Құмыраны қолға алмаған пендеге,
Құбыланы қалай ғана нұсқаймын?..





Пікір жазу