12.07.2022
  102


Автор: Жасұлан СЕРІК

Құранның сүресіндей оқып қойған...

Құранның сүресіндей оқып қойған,
Зулап кетіп барады уақыт қайран.
Елің тыныш, болмаса жұртың аман,
Басыңа кеп қонады бақыт қайдан?
Асулардан адаспай өттің анық,
Аз қайғырып, ғұмыр кеш көп қуанып.
Ақырындап келгенше ақырзаман,
Сен аман бол Қазақтай текті халық!





Пікір жазу