12.07.2022
96
Өз елінсіз ақын бағы жанбаған...
Өз елінсіз ақын бағы жанбаған,
Ары биік өзің едің арда ағам.
Тірегіне інілердің айналған,
Жүрегіне сыйып кеткен бар ғалам.
Құдіретке табынардай әлдебір,
Кешіретін бастарынан хал небір.
Сөздерінен табылатын маржандар,
Көздерінен төгілетін сәуле-нұр.
Жыртылса да жамау-жамау жағамыз,
Ешкімге де айтылмаған наламыз.
Жалған бізді керек қылмас, қазақтай,
Қалың елге қажеттіміз, аға, біз.