12.07.2022
309
«АУЫЛ»
Ақ үйлерді қондырған дөң басына
Алматының «Ауыл»1 тұр дəл қасында.
Көңіл ауып сонда бір бара қалсаң,
Енгендейсің еліңнің ордасына.
Жапқан ба өзін тізілген меруертпен?
Басқұрлары секілді жібек шеккен.
Өнер төге осынша өрнектеген
Айналмас жан жоқ шығар қыз,
келіншектен.
Ақ мəрмəрмен іргесін əдіптеген,
Гүл қауызды шамдары жарық берген.
Ертегіні есіне алады бір
Сол «Ауылды» əдейі барып көрген.
«Ауыл» орны Алатау көбесінде,
Ұстар нəрсең əйтеуір көп есіңде,
Жан-жағыңа қарасаң, сезінесің
Отырғандай қаланың төбесінде.
Кенеледі кішкентай «Ауыл» əлі,
Қандырады мейірін жанның бəрі.
Аңыз болып кетеді жұрт аузында
Қанып жұтқан «Ауылдан» қымыз дəмі!