meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.07.2022
  273


Автор: Ғали Орманов

ЖЫР ЖОЛЫ

Оқуға кетті бір бала,
Тебініп жетім тайлағын;
Жадына жазды бір ғана
Жасынан таныс аймағын.
Шегіне шөгіп қалды құм,
Жөнелтіп ұлын сапарға.
Жеткіншек ізін шалды кім,
Шұбала түскен жапанға?
Нарыннан шыққан сол бір із
Жолы еді жастың алғашқы.
Аңғарсақ соны енді біз,
Қиырға қилы жалғасты.
Үдере тартқан осы жол
Ұласты дастан-өлеңге;
Дауылды, тасқын күші мол,
Жайылды жыры ел-елге.
Қанатты Тайыр ол біздің
Өмірі толы өлеңге;
Толқыта түбін теңіздің
Тартады сыйлар өренге.
Құттықтап, Тайыр, құшамыз
Елуге жасың толғанда.
Шабытты шағың бұл нағыз,
Тоғытсаң тоймас толғауға.





Пікір жазу