12.07.2022
  154


Автор: Ғали Орманов

Дамыл көрмей құз-қойнында...

Дамыл көрмей құз-қойнында,
Шуылдайды мұз бұлақтар.
Күнде күлкі сол ойынға
Қызығады кəрі жақпар.
Аңтарыла қарайды кеп,
Кеудесіне үн жаңғырығып.
Қарағанмен, амалы жоқ
Тұрғаны тек мəңгі мүлгіп.





Пікір жазу