12.07.2022
  139


Автор: Ғали Орманов

ШЫҒАР АУЫЗДА

Шыңғысты сəрі бөктерлеп
Жөнелдім беттеп шығысқа;
Ілік қып айтар өкпем жоқ
Ағайын, жұрат, туысқа.
Апта емес, айлап жүзерлік
Тап келдім теңіз тұрмысқа;
Аңыз ғып айта жүрерлік
Бəрінен көрдім бір нұсқа.
Тауы да көзге тым қызық
Төгіле күнде қой өрген;
Түзі де түгел тұр жүзіп
Теңізге толқи көгерген.
Ұқсайды қилы төбелер
Қызылдап жиған астыққа;
Теңесең солай сен егер
Жағасың жəне бастыққа.
Толғана соған қарайды ол,
Толтырған жандай қапшыққа;
Жүрміз деп шертті талай ол
Басымыз тимей жастыққа...
Елпілдеп бірақ не керек,
Егін де пісер асықпа!
Жеткізе сонда теңер ек,
Жеріміз, шіркін, қашықта...





Пікір жазу