12.07.2022
  118


Автор: Ғали Орманов

ЖҮЛДЕ

Көз жіберсек көңілмен
Мынау ұлы жоспарға.
Алдымызда көрінген
Ұқсайды бір асқарға.
Қалың халық аттанды
Сол асқардан асқалы;
Солдат сынды саптағы
Сонау мың-мың жас, кəрі.
Жата аларсың жай неге,
Болсаң ақын елге дос!
Ұлы жорық бəйгеге
Өнеріңді сен де қос.
Жұртқа жаршы, білем, сен,
Жағы тынбас күндегі.
Жырмен елге дем берсең,
Алғаның сол жүлдені.





Пікір жазу