12.07.2022
150
ЖАСТЫҚ ДОСЫ
Балқыта жерді нұр жүзі,
Күлімдей жетті ол бізге.
Тықырши күткен бір қызды
Қызыға көрдік сол кезде.
Жаныңды жалғап үмітке,
Жарылқап сені аз күнге,
Қосылған жардай жігітке,
Қасыңда жүрді жаз бірге.
Жұмыстан шаршап оралсаң,
Алдыңнан шықты ол күліп.
Қараса сырттан əрқашан,
Қайратты тарттың, сен біліп.
Жаныңды шалып от лебі,
Жарындай жылы тіл қатты.
Риза соны еткелі,
Төңкердің сен де алқапты..