meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.07.2022
  319


Автор: Ғали Орманов

КӨКТЕМ НҰРЫ

«Күлімсіреп көк аспан»,
Шалды жылы күншуақ.
Мал мен жанға үн қосқан
Жамырады құс шулап.
Жерді желдің лебізі
Сүйді ақырын дегдітіп;
Жасаңғырап тек жүзі
Келеді бір өң бітіп.
Күн сəулесі сабақтап
Шөп шиендеп көктепті.
Кең далада ел қаптап,
Нұр сықылды тер төкті.





Пікір жазу