12.07.2022
97
ҚАЛЖЫҢДАР
Сары қымыз құйылған
Алды да Антон кесені,
Сұрады елден жиылған:
– Ішемін, – деп, – нешені?
Қағып түсті Жағыпар,
Қалжың сөздің шешені:
– Қымыз ішсе қазақтар
Бар белдігін шешеді...
Антон да бір сөзге ұста,
Жіберген жоқ есені:
– Сияр ма екен ыдысқа
Сірə мұның өсегі?
Оныңды ешкім білмесе,
Табылар еді есебі,
Жайылып тек жүрмесе
Құдағидың төсегі!..