12.07.2022
  183


Автор: Ғали Орманов

КҮЗГІ СЫЙ

Жайлауды, Коля, көрмедің
Таулары терши нұр шалған;
Табар ең гүлдер өрнегін
Шапақтар атқан неше алуан.
Өзінше қазір күз шебер
Бояуын жердің өзгерткен:
Жанғалы кейі тұрса егер,
Лаулайды аумай кейі өрттен.
Суреттер көркі не түрлі
Шертеді жаңа жыр қозғап.
Шыңдағы шырақ секілді
Қайың мен терек тұр маздап.
Өзінше жерге түр қосқан
Өрнегі күздің осылар.
Секілді соны бір жақсы əн,
Жырыңа сен де қосып ал.





Пікір жазу