12.07.2022
83
ОРТАҚ ӨМІР ӨЛЕҢІ
Туысқандық белгісі –
Тұрағымыз бір жатқан.
Жырымыздың желісі
Бұлағымыз бірге аққан.
Арық алсақ өзеннен
Арнасы да бірге оның.
Қаламыз да безенген,
Қаламға ортақ жыры оның.
Кең өлкені тоғытқан
Кеңессек те Сыр жайын,
Сендерше өлең ағытқан
Толғанады Сырбайым.
Мақта жиса Мырзашөл
Өркеш-өркеш бұлтқа ұқсас,
Маржан таулы біздің жер
Жалғасып тұр тұп-тұтас.
Шыңнан өрген өзеннің
Шомылсақ та нұрына,
Қатар жүзіп ежелден
Қарқ боламыз жырына.
Айнымайды анардан
Жəне қызыл алмамыз.
Өңдері ұқсас жаралған
Қыз жүзіндей ол нағыз.
Жеріміздей тұтасып
Жырымыз да жалғасқан.
Сол бір терең сырластық
Елімізге жарасқан!