12.07.2022
106
Алдымнан сырғып ашылған
Алдымнан сырғып ашылған
Алқабын көрдім Қошқардың;
Бастарын бұлтқа жасырған
Суреті сұлу асқардың.
Долан да жатыр мұнартқан
Астына тақау аспанның.
Асыра содан жол тартқан
Аңғардым қырғыз жастарын.
Жайынан тосын өңірдің
Жаңа бір өлең бастармын.
Қосармын жырға өмірін
Қадірлі қырғыз достардың.
Қайыпты шебер қиынды,
Қажымай қашап тастарын.
Жалғаған жұртты қиырды
Жадымнан неге тастармын!