12.07.2022
  69


Автор: Ғали Орманов

ОН ҮШІНШІ ИЮНЬ

Жаздың жақсы кезінде
Көріп пе еңдер декабрь?
Сол күн менің өзіме
Көрген түстей, əйтеуір...
Астық əрең Доланнан
Он үшінде июньнің,
Алай-түлей бораннан
Құты қашты киімнің...
Тау жайлаған қырғыздың
Халдері не үйінің?
Арасында шың-құздың
Жайын əбден түйіндім.
Машинаның əйнегін
Қаптағанмен қар сыбап,
Алды сипап сайда күн,
Аймалады бар шуақ.
Бұрқырағаи биікке
Көп қарадым бұрылып:
Малшы жүрген төңіректе
Боран əлі тұр ұлып...





Пікір жазу