12.07.2022
92
ААЛЫҒА
Əсем тау алдымда, Аалы, тұр тағы да,
Бұл да бір маған тартқан кітабың ба?
Жеріңнің шежіресі жатыр ма екен,
Жинаулы не заманғы бұл томыңда?
Қараймын қилы-қилы жыр тауына,
Ғасырлар ізі жатыр əр табында,
Соларды жауға бермей, жатқа қимай,
Сақтапты туған елің ұрпағына.
Шерт, Аалы, таулар сырын аш аянбай,
Алдыңда телмірейін аш адамдай.
Қанайын қалың қырғыз жайына мен,
Қашаннан бірге өзіңмен жасағандай...