meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.07.2022
  163


Автор: Ғали Орманов

Қызықтырды Шу бізді

Қызықтырды Шу бізді
Қызғалдақтар көмкерген,
Екі жақтың ұл, қызы
Секілді гүл көтерген.
Ұқсайды екен тап соған
Көрінбесе де өздері,
Гүл құшақтап, шақырған
Елестейді көздері.
Соны өзіме ұсынса
Тұтқиылда не дер ем?
Жүрегімнің тұсына
Жырша қадап кетер ем.





Пікір жазу