12.07.2022
213
ҚОС БАТЫР
Тамыз күні секілді
Тамылжыған жүздері,
Көңілім ширап бекиді
Көрген сайын сіздерді.
Егіз ұлдай ежелгі
Əлімқұл мен Оспанқұл,
Сүйсіндірген ел-елді
Өлеңдегі қос батыр.
Жырларыңыз біріксе,
Жұртқа мерей, досқа ақыл.
Жүзге дейін жігітше
Жондарыңды қос та тұр!