12.07.2022
  74


Автор: Ғали Орманов

ҰҒЫСУ

Арынды Ақсу өзені
Алыс еді Аралдан;
Бетін бұрып ежелгі,
Біздің жерге де оралған.
Арасы алуан тау еді
Қабат-қабат құрсаған.
Ақсу толы сəулені
Асырды екен кім содан?
Ауыл кезе сым тартқан
Жігіттерден сұрадым.
Сынай қарап, тіл қатқан
Сырын да ұқтым бұлардың.
Кім үйіне кірсем де,
Нұрын көрдім Ақсудың.
Қай қиырда жүрсең де
Қайыры көп жақсының!..





Пікір жазу