12.07.2022
  185


Автор: Ғали Орманов

ҒАЖАП ҚОЛДАР

Қазақстан Магниткасы құрылысшыларына
Көз тігемін мен саған,
Көп нəрселер көргелі...
Көргенімнің неше алуан
Көңілімде тұр өрнегі.
Жүріп өткен жеріңде
Жайнайды əсем көшелер.
Бөленеді жер гүлге
Қолың тиіп кетсе егер.
Көкке өркеші тірелген,
Өргенің сол қала екен.
Басқан ізің түрленген.
Не ғажабың бар екен!
Қолдарыңның күс тартқан
Көзге жылы бітімі
Өнеріңді ұстартқан
Ұқтырғандай бір түрлі.





Пікір жазу