12.07.2022
  84


Автор: Ғали Орманов

ШОЙЫН ШЫҢЫ

Қарайды Нұркен биіктен
Қараңдап көздің ұшында;
Қағысқан қанат бұлтпен
Ұқсайды заңғар құсына.
Бітімі бөлек жаралған
Барлаймын баған қиясын.
Қиынан қиып сан алуан
Құрапты қыран ұясын.
Шаңырағы емес қазақтың
Шанышқан уық қатарлап.
Жаңа бұл алып – ғажап тым,
Тамыры металл мың тармақ.
Өріпті өңкей болаттан
Өркешін бұлтқа тілдескен.
Заводпен өзі орнатқан
Секілді Нұркен бір өскен.
Қиырға содан қарайды ол,
Қиялы құсша шарқ ұрып.
Өнерін жаяр талайға ол,
Биікке бірге шақырып!..
Түрленте Қазақстанды
Тұрғызған тұңғыш домнасын,
Нұркендей түлек жастарды
Толғаймын тынбай өз басым.





Пікір жазу