12.07.2022
90
ЗАМАН ОТЫ
Жақсы бір ой жарымдай
Жан-жүйемді қозғайды,
Жас қаланың шамындай
Көңілімде маздайды.
Қаламыз бір қат-қабат
Қауырт күрес ол нағыз.
Құрсанғаны көк болат
Қарайды өстіп домнамыз.
Қалай, қалай нелер үй
Десек қанша күн кешті...
Қайырлы еңбек бізге ылғи
Үйретіпті білместі.
Қара тасты қайнатқан
Қарық қыпты өнерге.
Өрісіңдей бай жатқан
Сілтейді сол сені өрге.
Қолымыздан дүрілдеп
Маздайды енді домнамыз!
Заман отын нұры көп
Бейнесінен болжаңыз.