12.07.2022
127
ЖАЗ КӨРКІ
Күле жайнап жаз келді,
Жасыл жібек көйлекті;
Жаз шіркіннің мəз көңілі
Бұлбұлды да сөйлетті.
Алатаудың бауырында
Алма ағаштар гүл атты.
Қаулай қонған жаз мұнда
Ақ көбелек сияқты.
Қырдың қырқа, ойында
Қызғалдақтар гүл ашты.
Қызыл таққан мойнына
Жас ұланша жарасты.
Жəне төсеп көк шалғын,
Жаз еркелей жүр қонып.
Көкірегінде жастардың
Жайдары ескен жыр болып…
Қай тарапты шолсаңыз,
Бəрінде сол жаз көркі.
Жуыспай тек тұр жалғыз
Алатаудың мұз бөркі.