12.07.2022
129
![](/uploads/shorttexts/author_image/1502796309-article-b.jpeg)
ЖАЗ ТІЛІ
Өріп өзек-өзектен,
Ойнай ақты сан бұлақ.
Көктем жайын сөз еткен
Жырларына сал құлақ;
Барады айтып жамырап
Жаз жылыта жеткенін;
Жібіген соң қар-мұзда,
Жарыса ойнап кеткенін.
Жақсы білем маған ол
Жəне бір сыр шерткенін;
Сенікі деп барады ол,
Жер ылғалы, көкте күн!