12.07.2022
97
ЖАЗ АЛДЫ
Таулар басы ап-ала,
Қарайғанмен бөктері.
Өзен суы ботана,
Таптырмайды өткелі.
Жол қойыртпақ, жер батпақ,
Түгел аласапыран;
Қилы бұлақ ойнақтап,
Сай-саланы сапырған.
Жер жүйесін босатқан
Жаздың алды сол еді.
Құйып жатқан жан-жақтан
Соның алғашқы өлеңі.