12.07.2022
  122


Автор: Ғали Орманов

ҚАМШЫ

Жарымайсың жəрдемге,
Өз жаныңды жанымай.
Жалтаң көз боп əр жерде,
Жан бағыстың бəрі жай.
Адам сірə табар ма,
Аңсағанын сарылмай!
Жалықпасаң, сені ол да
Жарылқайды жарыңдай!
Жұрт қалаған еңбекке
Жан жырғайды сүйсініп.
Жарай білген керекке
Неткен жақсы тіршілік!





Пікір жазу