12.07.2022
  76


Автор: Ғали Орманов

БІРЕР ЖОЛ

Алдымнан жайнап ашылған
Қарадым байтақ алқапқа.
Аяулы достар ұсынған
Баладым қызық кітапқа.
Қыстақтар қымтай жамылған
Қызыға көрдім бағыңды.
Құбыла гүлдер тағынған
Таныдым балғын шағыңды.
Бұрала аққан сылдырап
Қасымда Кура өзені,
Сөйлеген кейде сыңғырап
Секілді Кавказ көзелі.
Көзінен соның аумайды
Мөлдіреп піскен жемісің.
Көңілде бір от лаулайды
Қойғандай соны мен үшін.
Көздерің шалар бір шақта,
Қозғады ма екен мені сол?
Осынау əсем кітапқа
Қосайын мен де бірер жол.





Пікір жазу