meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.07.2022
  134


Автор: Ғали Орманов

ТЫНЫС

Тау тым-тырыс кешкі тұрым,
Қарауытып қарағайлар.
Қыбыр етпей, бүккен сырын,
Түрлерінде терең ой бар.
Шапақ атып балғын қайың
Шалынған тек төңірекке...
Сол сықылды сен де əрдайым
Өз сəулеңді төк жүрекке!





Пікір жазу