12.07.2022
91
БАЯН БЕЙНЕСІ
Асығады екен неге адам
Көздеген жерге жеткенше?
Қызығады екен неге оған
Қарасын көрсе, төтенше?
Быдырқай белдер үстінен
Көрінді бойлап көк Баян.
Тартатын көзді күшімен
Баянның сыры көпке аян.
Өзім де жұрттың бірімін,
Құмартам барып көргенше.
Төккен бе артық нұрын күн?
Жаңбыры көп пе немесе?
Əйтеуір Баян көзге ыстық,
Бояуы жасаң көгілдір.
Шақырған сені көз қысып
Сұлуға ұқсас өңір бұл!
Тілейсің ылғи сен де оған
Балауса айлар, балғын жаз.
Көміле киген көк орман
Көңліңді Баян қалдырмас!