12.07.2022
  186


Автор: Ғали Орманов

ЖҰРНАҚ

Қарағай үйлер қашанғы
Қақырап, қаңсып, жарылған.
Қиынға соғып жасауы
Көшеден көбі арылған.
Талайы талға тығылып,
Тасада əлі тұр ептеп.
Қашан да солай бұғынып,
Қалада қайтіп күнелтпек?
Машина келсе қазуға,
Қопарар үйді көшіріп.
Керексіз мүлде жазудай
Кетеді көбін өшіріп...
Жырымдап ескі жұрнағын
Тауысар солай Кереку,
Орнына келіп бұлардың
Сарайлар самсып тігер ту.
Көненің тарпы осылай
Кешікпей түгел арылар.
Жаңалар бойын жасырмай
Жарқырап дəйім шалынар.





Пікір жазу