12.07.2022
  91


Автор: Ғали Орманов

Қаңқу сөзден қашам мен

Қаңқу сөзден қашам мен
Қабырғама батқандай.
Көндім оған қашан мен,
Дұшпаным жоқ тап сондай!
Жуымаймын маңына
Бір пəлесі жатқандай.
Жолап кетсем, тағы да
Өңменімнен атқандай.
Еске алмаймын елесін
Ел аулаққа қашқандай.
Жүргеніңе не жетсін
Ештеңеден жасқанбай!
Жаман қылық, жат мінез
Жолыңды ылғи тосқандай.
Жарқын көңіл, жақсы сөз
Жаныңа нұр қосқандай!





Пікір жазу