12.07.2022
  114


Автор: Ғали Орманов

Сөзіңе өзге қызықса

Сөзіңе өзге қызықса
Сөреңе сенің жеткенің.
Жүрегін дəйім жылытса,
Емес пе сол бір көктемің!
Өлеңнің олпы-солпысы
Сезілмес тіпті ондайда.
Көңліңді тербеп тек күші,
Сыңғырар құсы тоғайда.
Осы бір бақыт сəттері
Табылмас əсте оңайға.
Көп іздеп, қолың жеткенді
Жоғалтып алмай, абайла!





Пікір жазу